2000 теңге қарызы бар адам банкроттыққа өтініш берген

Ulysmedia

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов банкрот деп танылған қазақстандықтар туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: Ulysmedia.kz

Ол банкроттық жариялау үшін ең төменгі сома 2000 теңге болғанын жеткізді.

Олар бірнеше миллиардқа өтінім беріп жатыр. Кейде олар бір соманы көрсетеді. Жүйе бойынша оның бірнеше несиесі бар екенін көріп отырмыз, 5 миллион теңгеден астам қаржысы бар деп бас тартуға мәжбүрміз. Кейде өтініш беруші өзінің басқа жартыларын көрсетпейді. Мысалы, жұбайы әйелінің мүлкі – коттедждері мен автокөліктері бар екенін көрсетпейді, бірақ олар банкроттық туралы арыз беріп жатыр, яғни банкроттықтың өзінің барлық салдарын, кейін шектеулер болатынын білмейді, - деді ол.

Наурызда Біржанов Қазақстанда 10 мың азамат ресми түрде банкрот деп танылғанын хабарлады.