Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 150 үйдің құрылысы басталады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Атырау облысындағы жедел штабтың мәліметінше, бүгінгі таңда әрқайсысының ауданы 80 шаршы метрлік 74 типтік үлгідегі үйдің учаскесі белгіленген.
Негізгі құрылысты келесі аптада бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов мәлім етті.
– Тұрғын үйлер облыстық бюджеттің және демеушілердің қаражатына салынады. Құрылысты жергілікті мердігер мекемелер жүргізеді деп жоспарлануда,- дейді Н.Құсайынов.
Ықшамаудан инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен – жарық және сумен қамтылған, газбен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның аумағында екі мың орындық Binom мектебін салу жоспарланған.
Сонымен қатар 300 орындық балабақша құрылысы басталады. Тұрғындарға арналған шағын аллеялар салу жоспарлануда.
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес әлеуметтік нысандардың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары басталды.
Құлсарыдағы наразылық
Су тасқынынан қатты зардап шеккен өңірлердің бірі Құлсары халқы бірнеше күн бұрын наразылыққа шыққан. Ондағы халық әлі тараған жоқ.
“Біз сауатсыз емеспіз. Қанағат қылып 400 мыңнан есептеп отырмыз. Соның ісіне сарайы да, қорасы да кіреді,” - деп өз талаптарын жеткізді.
Осы сөздерден азаматтардың әкімдік тарапынан берілетін өтемақыға көңілі толмайтынын аңғаруға болады. Ол өздерінің орта есебімен кететін шығынды 400 мыңға бағалап отыр.