Ұлттық қауіпсіздік комитетінде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы жағдайды баян етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ҰҚК не дейді
ҚР ҰҚК Пәкістаннан келген студенттер Бішкектегі оқиғадан кейін Қазақстанмен шекарадан өткісі келетіні туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды.
– Бішкек қаласындағы түнгі тәртіпсіздіктерден кейін Қырғызстаннан Қазақстанға өткісі келетін пәкістандық студенттер жайлы кейбір БАҚ-та жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды, - делінген хабарламада.
Оқиға неден басталды
Бішкекте 300-ге жуық жас жігіт жаппай төбелестен кейін шетелдіктерден кек алу үшін көшеге шығып, тәртіпсіздік жасаған. Бұған жауап ретінде қала милициясы барлық жеке құрамды жауынгерлік дайындық жағдайына келтірді.
Оқиға 7 сәуір мен Огонбаев көшелерінің қиылысында болды. Жиналған жас жігіттер шетелдіктермен төбелесіп қалған, бұл құқық қорғау органдарымен қақтығысқа ұласқан.
Құқық қорғаушылар кордон қойып. ашынған топты тоқтатуға тырысқан.
Бірнеше рет адамдар кордонды бұзуға тырысты, бірақ тәртіп сақшылары оларды ұстап алып, 10-ға жуық адамды қамауға алынды. Оқиға салдарынан шетелдіктердің жергілікті тұрғындарды ұрып-соғу фактісі бойынша (бұзақылық) қылмыстық іс қозғалды.
Тәшиевтің мәлімдемесі
Осы оқиғадан кейін Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысы Қамшыбек Тәшиев құқық қорғау органдары Қырғызстанда заңсыз жүрген шетелдіктерді жаппай тексеруді бастағанын айтты. Оларды депортацияланады.
– Біз республика аумағында заңсыз жүрген 5 мыңға жуық азаматты анықтадық. Оның 1300-і пәкістандықтар, 1300-і Бангладеш азаматтары, қалғандары басқа елдерден. Қазір оларды одан әрі депортациялау бойынша белсенді іс-шаралар жүргізілуде, - деді ол әлеуметтік желі арқылы.
Шенеунік митингіге қатысушылардың талаптарын қолдайтынын атап өтті, бірақ арнайы қызметтер митингті үйлестірген және арандатушылық жасаған адамдарды анықтаған. Олардың кейбірі ұсталған. Жеке адамдардан атыс қаруы табылған. Тәшиев тыныштықты сақтау үшін құқық қорғаушылар барлық іс-шараны қабылдайтынын айтты.