Қытай Халық Республикасының сыртқы істер министрі Ван И Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сапар аясында Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері жоспарланған, сондай-ақ екіжақты құжаттарға қол қойылады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан кәсіпкерлері Қытайға 75 млн доллардың азық-түлігін сатуға келіскен еді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық өнімнің Қытайға экспорты 12,6% өсіп, Казахстан 14,7 млрд құрады. Өткен жылдың өзінде импорттық жеткізілім көлемі 50,5% артып, $16,8 млрд болды.