Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Ulysmedia

Синоптиктер Қазақстанда 21-23 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Атмосфералық фронттардың салдарынан найзағай ойнап, бұршақ, қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Сондай-ақ ел аумағының басым бөлігінде жел күшейеді. Тек батыс аймақтарда кей күндері жоғары қысымның әсерінен жаңбыр тоқтауы мүмкін және түнгі уақытта 2 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.

Ал оңтүстік-батыс ағындардың әсерінен күндіз ауа температурасы көтеріледі:

батыс, оңтүстік аймақтарда +18...+28 градусқа дейін;

солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда ауа температурасы +15...+23 градусқа дейін.

Тек 23 мамырда еліміздің қиыр солтүстігінде ауа температурасы +7...+15 градусқа дейін төмендейді.