Үш науқастың денсаулық жағдайы орташа ауырлықта, қалғандары қанағаттанарлық деп бағаланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
korrespondent.net-тің мәліметінше, Армения астанасы – Ереванда «Ташир пицца» қоғамдық тамақтандыру мекемесіне барған 98 адам тамақтан улану белгілерімен ауруханаға түсті. Бұл туралы 6 қарашада Армения денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сілтеме жасап Арменпресс хабарлады.
Ұлттық жұқпалы аурулар орталығына жатқызылған 53 азамат емделуде, оның 13-і он сегіз жасқа толмаған.
Тағы 32 адам Арменияның Республикалық медициналық орталығында, 11 адам Микаелян аитындағы хирургия институтында, тағы 2 адам Мартуни медициналық орталығында ем алуда.
Үш науқастың денсаулық жағдайы орташа ауырлықта, қалғандары қанағаттанарлық деп бағаланды.