Бөгет бұзылды: Ақтөбеде бір ауыл эвакуацияланды

Ulysmedia

Ақтөбе облысында бөгеттің бұзылуына байланысты ауыл тұрғындары эвакуацияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Ашық дереккөзден

Ырғыз ауданында Ырғыз өзені деңгейінің бір метрге көтерілуіне және желдің қатты екпініне байланысты бір күн бұрын Құйылыс ауылы су астында қалды. Елді мекеннің 400-ге жуық тұрғыны алдын-ала эвакуацияланды. 

Су он метр қорғаныс бөгетін бұзып өткен. Үзіліс орны екі сағат ішінде жабылды. Жергілікті тұрғындар мен арнайы техникалар және 45 әскери қызметші әлі де сол жерде. Жағалауды нығайту жұмыстарына барлығы 100 адам жұмылдырылды. Су тасқыны қаупі бар ауданда 144 үй су астында қалды. Ырғыз ауданының Нұра және Мамыр  ауылы әлі де суда қалып отыр.  

"Толқындар биіктігі бір метр, ені 5-6 метр болды. Олардың күшті болғаны соншалық, бөгет толып, оны бұзып өтті. Бүгінде жағалауды нығайту жұмыстары екі шақырым көлемінде жүргізілуде", - дедіргыз ауданының әкімі Нұрлан Қызбергенов. 

Ақтөбе қаласында және тағы алты ауданда ТЖ режимі сақталған.  

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Ал, су тасқынынан қатты зардап шеккен өңірлердің бірі Құлсары халқы бірнеше рет наразылыққа шыққанын хабарлаған едік. 

Әлеуметтік желіде тараған видеодан алаңға жиналған бір топ азаматты көруге болады. Бейнежазбадан олардың өте көп екендігі байқалады. Бұлар өз талабын айтып шыққан азаматтар. Олардың барлығының баспаналары су тасқыны кезінде жарамсыз болып қалған. 

“Біз сауатсыз емеспіз. Қанағат қылып 400 мыңнан есептеп отырмыз. Соның ісіне сарайы да, қорасы да кіреді,” - деп өз талаптарын жеткізді.  

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Құлсары тұрғындарына барып, су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу тәртібін түсіндірді.