Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып бұрынғы ұлттық экономика вице-министрі Абзал Әбдікәрімов тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ол жайлы не белгілі
Ақтөбе облысы әкімінің жаңа орынбасарының өмірбаянын журналист Гүлбану Әбенова жария етті.
– Абзал Әбдікәрімов қалайша 37 жасында облыс әкімінің орынбасары болды? Менің ойымша, шенеуніктің жұмысы жайлы айтудың қажеті жоқ, оның кімнің ұлы екенін білсек жеткілікті.
Мен жаңадан тағайындалған кісінің түйіндемесін зерттедім. Кейінгі жылдары бұлар туған жерін жазбауға тырысады екен.
Оның Түркістан облысында дүниеге келгенін білдік, әйтеуір.
Мемлекеттің мүддесін ойласақ, әкімнің орынбасары болып өз өңірін жақсы білетін жергілікті мемлекеттік қызметші тағайындалатын еді.
Мен Абзалдың өмірбаянын көрдім, барлығы қалыпты шаблон – "Болашақ" бағдарламасы, бірден лауазым алған әрі әр жылы түрлі креслоға секірген. Калькасы таныс. Әкімнің немесе депутаттың ұлы екені анық, - деп жазады журналист.
Гүлбану Әбенова Ақтөбе облыына әкімнің орынбасары болып Сенат депутаты Бектаев Әли Әбдікәрімұлының ұлы барғанын жеткізеді.
– Бүкіл "Назарбаев " номенклатурасы сенатта, мәжілісте зейнетке шыққанға дейін отыр. Олар бір кездері механизаторлардан, инженерлерден, колхоздар мен совхоздардан, зоотехниктер мен импорттаушылардан бастаған, – дейді ол.
Кеше Ақтөбе облысында әкімнің жаңа орынбасары болып Абзал Әбдікәрімов тағайындалды. Осы тағайындауға дейін ол ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарған. Әбдікәрімов Президент әкімшілігінің келісімі бойынша қызметке қонжиды.