Шымкент әкімдігі заң бұзып, инвестордың құқығын таптаған

Ulysmedia

Шымкент әкімдігі заң бұза отырып бір жыл бойы инвесторға жер учаскесін беруге келісім бермеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысының маңызды инвестициялық жобаларды прокурорлармен сүйемелдеу жөніндегі тапсырмасы аясында Шымкент қаласының прокуратурасы инвестордың құқығын қорғады, - делінген қала прокуратурасының хабарламасында.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша инвесторға жер учаскесін беру мәселесі келісілді, кінәлі тұлға жауапкершілікке тартылды.

Инвестициялық жоба сүйемелдеуге алынды, ол Шымкент қаласы прокуратурасы басшылығының бақылауында болады.