Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Қаржы мониторингі агенттігінің орынбасары Жеңіс Елемесов айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қаржы мониторингі агенттігі басшысының орынбасары Жеңіс Елемесовтен сот талқылауы нәтижесінде Қайрат Боранбаев мемлекетке қанша сома бергені сұралды.
Жауап
"Жалпы, ол сотталған негізгі қылмыстық іс бойынша залал 14,5 млрд теңге көлемінде өтелді. Бұдан басқа, 120 млрд теңге көлемінде залалды өз еркімен өтеді. 120 млрд теңгені 14,5 млрд теңгеге қоссаңыз, 134,5 млрд теңге. Мен бүгінгі күнге дейін өтегенін айтып отырмын. Қылмыстық іс әлі тоқтатылған жоқ, тергеліп жатыр", - деді ол.
Активтер
"Барлық актив тіркелді. Құны бойынша әр объектінің қанша тұратынын айта алмаймын", - деп жауап берді Елемесов.
Сондай-ақ одан Боранбаевқа қатысты қандай бұлтартпау шарасы таңдалғанын және неге ол бостандықта екенін сұрады.
"Бостандық нені білдіреді? Сот шешімімен ол сотталды. Бас бостандығынан айыру жазасы шектеумен ауыстырылды. Электронды білезік тағылған жоқ. Ол қазірдің өзінде шектеулі. Оның бюджет қаражатын ұрлауға және салық төлеуден жалтару бойынша күдікті істері бар", - деді Елемесов.
"Қайрат” футбол клубы жайлы
"Қайрат" футбол клубы бойынша агенттік қылмыстық іс жүргізіп жатқан жоқ, деп қосты Елемесов.
Боранбаевтың ісі
2023 жылдың 15 қыркүйегінде Астана қалалық сотының апелляциялық сот алқасы кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты «ҚазТрансГаз» АҚ жымқыру және ақшаны жылыстату ісі бойынша үкім шығарды. Ол мүлкі тәркіленіп, президентке оны мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныспен және өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салумен алты жылға бас бостандығынан айырылды.
Қайрат Боранбаев 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық шығынды өтеп берді. Сондай-ақ Боранбаевтың компаниялары Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 миллион доллардан астам қаржы аударғаны белгілі болды.
2023 жылдың 16 қазаны мен 18 қазаны аралығында Қаржы мониторингі агенттігі Боранбаевтың мүлкінің мемлекетке өткені туралы хабарлады. Олардың ішінде құны 1,4 миллиард теңгеден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешені, кеңсе бөлмелері, сауда-ойын-сауық кешені, спорттық-сауықтыру жүйесі, «Қаражанбас Северный» кен орны, «Азия Газ Чунджа» газ таратушы компаниясы, сондай-ақ «Азия Газ Чунджа» газ таратушы зауыты бар. «KazTurboRemont Service Center» ЖШС мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеу. 2023 жылғы 20 қазанда Ақмола облысы Зеренді аудандық соты Боранбаевтың жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстырғаны белгілі болды.
Көп өтпей Боранбаевтың өзі бостандыққа шықты.