Маңғыстау облысының шекарасы тағы кеңейтілді

Сырым Қаржас

Маңғыстау облысының шекарасы өзгертілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

primeminister.kz

Қазақстан Үкіметі "Маңғыстау облысының аумағына Каспий теңізіндегі ҚР аумақтық суларының (теңізінің) жалпы ауданы 1 638 837,5075 га ені 12 теңіз милінің сыртқы шегін есептеу үшін бастапқы сызықтар арасындағы жерлерді қосу" туралы қаулы шығарды.

Құжатқа сәйкес:

  • Маңғыстау облысының солтүстік шекарасы Атырау облысының әкімшілік бағынысындағы аумақтардың қолданыстағы шекаралары бойынша өтеді;
  • Солтүстік-Шығыс шекара Ақтөбе облысының әкімшілік бағыныстағы аумақтарының қолданыстағы шекаралары бойынша өтеді;
  • оңтүстік шекара Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасы бойынша өтеді;
  • оңтүстік-шығыс шекарасы Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өтеді;
  • батыс шекара Каспий теңізіндегі ҚР аумақтық суларының (теңізінің) сыртқы шегі бойынша өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстау облысының шекаралары қаңтар айында да өзгерді.