Жаз өте ыстық болады: прокурорлар орман өрті қаупіне байланысты тексеру жүргізеді

Сырым Қаржас

Бас прокуратураның мәліметінше, барлық қызметтің өрт қауіпті маусымға дайындығы тексеріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстанның Бас прокуроры Берік Асылов орман өрттері туралы мәлімдеме жасады.

Толығырақ

Биыл Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым жаз өте ыстық болатынын хабарлайды.

– Орман өрттерінің ықтималдығы жоғары. Менің тапсырмам бойынша болжамды қауіптерді азайту үшін облыс прокурорлары барлық қызметтердің өрт қауіпті маусымға дайындығын талдайды, - деп атап өтті Асылов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда 2024 жылдың басынан бері 27 орман өрті және 122 дала өрті орын алғаны хабарланған болатын.