Қазақстан азаматын Қырғызстаннан депортациялап, жас балаларын Бішкекте алып қалады – БАҚ

Сырым Қаржас

Қазақстан азаматын Қырғызстаннан депортациялап, оның шиеттей төрт баласы Бішкекте қалады. Балалар алдағы уақытта балалар үйіне жіберілуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Kaktus Media-ға сілтеме жасай отырып.

скриншот

Бейсенбіде Бішкек қалалық сотының сот алқасы Қазақстан азаматын Қырғызстаннан депортациялау туралы шешім шығарды, ал оның төрт баласы Бішкекте қалады.

Хабарламада оларды балалар үйіне жіберілуі мүмкін екені айтылған. Әйел жанұшыра көмек сұрайды.

Басылым жариялаған видеода әйел балаларының бірі емшектегі нәресте екені, ал қалғаны екі, сегіз және он жаста екенін айтылады.

БАҚ атап өткендей, полицейлер сотқа шешім шығарылғанға дейін келген. Олар әйелді елден күштеп шығарады.