Астанада сот орындаушы балаға төленетін алименттің ақшасын жымқырып келген

Ulysmedia

Астанада жеке сот орындаушысы алимент төлеуге арналған 1 млн теңгеден астам қаражат өзіне аударып алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Осы факті бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілген.

Қадағалау органының мәліметінше, сот орындаушысы жыл бойы алиментке арналған қаражатты жүйелі түрде ұрлап келкен. Баланың анасына ақша аударудың орнына, ол оны өз ұлының шотына бағыттаған.

"Жее сот орындаушы борышкердің ақшасын баланың анасының орнына өз ұлының шотына аударып отырған. Бұл ретте өндіріп алушы бұрынғы жұбайының алимент аударымдары жүріп жатқанын білмей, борышкерге шаралар қабылдау туралы жеке сот орындаушыға бірнеше рет жүгінген. Жеке сот орындаушысына қатысты қылмыстық іс өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа жіберілді", - делінген прокуратураның хабарламасында.

Осылайша, жеке сот орындаушысының әрекеттері сотта қаралып жатыр.