23 мамырда Түркістан облысының Сайрам ауданында 10 сынып оқушысы көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жасөспірім бірнеше күн бойы үйіне оралмаған.
Уайымдаған туған-туыстары баланың жоғалғанын құзыретті органдарға хабарлаған. Кейіннен кәмелетке толмаған бозбаланың денесі табылды.
Полиция өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындады.
"Полиция Сайрам ауданында кәмелетке толмаған баланың өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Сараптама тағайындалды, барлық жағдайлар анықталып жатыр. Өзге мәліметтер жария етілмейді", – деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.