Арменияда тасқын судың салдарынан жолдар мен көпір қирады

Сырым Қаржас

Армениядағы табиғи апат салдарынан көпір мен бірнеше жол учаскелері қирады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

Су тасқыны Арменияның солтүстігінде болды. Арменияның Лори облысындағы Дебед өзенінің суы жағадан асып кеткен.

Республика ІІМ хабарлағандай, апат өңірде елеулі деңгейде жолды алып кеткен. М6 трассасының учаскесі су астында қалған, ұзындығы шамамен 50 метрлік жол учаскесін су басқан.

Шнох ауылынан Техутқа дейінгі учаскеде көлік өзенге құлап, бір адам қаза тапты.

Сонымен қатар, бүгін таңертең Дебед өзеніндегі көпір құлады. Жақын маңдағы Қарқоп ауылы да су астында қалды. Ахтала елді мекеніне барар жолда тағы бір көпір су астында қалды.

Басқа жолдар да қираған. Теміржол инфрақұрылымы зақымданған.