Ұлыбритания міндетті әскери қызметті қайтаруды көздеп отыр

Ulysmedia

Әлемдегі әскери қақтығыстарға байланысты Ұлыбритания жастарға міндетті әскери қызметті қайтаруды көздеп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Әлемдегі әскери қақтығыстарға байланысты Ұлыбритания жастарға міндетті әскери қызметті қайтаруды көздеп отыр,

Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак, егер консервативті партия 4 шілдеде парламент сайлауында жеңіске жетсе, елде әскери қызмет немесе жастарға балама қызмет қайтарылатынын айтты.

Премьердің айтуынша, жастар бір жыл ішінде Қарулы күштердегі толыққанды әскери қызмет пен демалыс күндері полицияда, құтқару қызметінде және басқа құрылымдарда ерікті жұмыс арасында таңдау жасайды, бұл жалпы 25 күнді құрайды.