Шымкенттің әкімі алаяқтар өз атынан хабарлама таратып жатқанын ескертті

Ulysmedia

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков алаяқтар өз атынан хабарлама таратып жатқанын ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

Фото: Ашық дереккөзден

Сыздықбеков не дейді

Әкімнің жазуынша, WhatsApp мессенджерінде менің атымнан хабарлама жіберіліп жатыр.

– Бұл жалған! Мұны интернет алаяқтары жібереді. Сіздерден жалған ақпаратқа сеніп, бейтаныс нөмірге ақша аудармауларыңызды сұраймын. Сондай-ақ күмәнді сілтемелерге өтпеңіз. Менің әлеуметтік желіде тек екі ресми аккаунтым бар: https://www.instagram.com/gabit_syzdykbekov?igsh=cjJzZW11bjFxb3Rz (инстаграм), https://www.facebook.com/profile.php?id=61555816719894&mibextid=LQQJ4d (фейсбук), – дейді ол.

Сыздықбеков барлық хабарламаларды тек жеке телефонынан және ресми аккаунтынан жіберетінін жазады.

– Егер сізге менің фотосуретім қойылған жасырын нөмірден қоңырау немесе хабарлама келсе, оған мән бермеңіз. Сақ болуларыңызды және арандатушылыққа бой алдырмауларыңызды сұраймын. Түсіністік танытқандарыңыз үшін рақмет! – дейді ол.

Бұған дейін Қазақстанда басқа да шенеуніктердің атынан алаяқтар ақпарат таратқан еді.