Су тасқыны: Атыраудың екі ауылына қауіп төніп тұр

Ulysmedia

Атыраудың солтүстік бөлігіндегі ауылдарға су басу қаупі төніп тұр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

ТЖД басшысының орынбасары Руслан Шариев айтқандай, қазіргі уақытта су Алмалы және Бесікті ауылдарына жақындады. 

"Бүгінде елді мекендерде тәулік бойы кезекшілік жүргізіледі, қорғаныс бөгеттері қосымша нығайтылды. Су Атыраудың солтүстік бөлігіндегі әрбір елді мекенге қауіп төндіреді", - деді Руслан Шариев. 

Атырауда және оның маңында қорғаныс бөгеттерінде тәулік бойы кезекшілікті ТЖМ, Қорғаныс министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың күштері мен еріктілер жүргізеді. 

Дәл қазіргі сәттегі Жайық өзенінің деңгейі: 

  • Индербор ауылы -3 см, су деңгейі-972 см, сыни деңгейі-845 см; 
  • Махамбет ауылы 0 см, су деңгейі – 1020 см, сыни деңгейі – 850 см; 
  • Атырау қаласы +1 см, су деңгейі-599 см, сыни деңгейі-550 см; 
  • Жаңаталап ауылы +1 см, су деңгейі-432 см, сыни деңгейі-500 см; 
  • Еркінқала ауылы +1 см, су деңгейі-389 см, сыни деңгейі-450 см. 

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Құлсарыдағы ереуіл

Әлеуметтік желіде тараған видеодан алаңға жиналған бір топ азаматты көруге болады. Бейнежазбадан олардың өте көп екендігі байқалады. Бұлар өз талабын айтып шыққан азаматтар. Олардың барлығының баспаналары су тасқыны кезінде жарамсыз болып қалған. 

“Біз сауатсыз емеспіз. Қанағат қылып 400 мыңнан есептеп отырмыз. Соның ісіне сарайы да, қорасы да кіреді,” - деп өз талаптарын жеткізді.  

Осы сөздерден азаматтардың әкімдік тарапынан берілетін өтемақыға көңілі толмайтынын аңғаруға болады. Ол өздерінің орта есебімен кететін шығынды 400 мыңға бағалап отыр.