Саясатқа жастар қажет: Нидерланд премьер-министрі MNU студенттерінің сұрақтарына жауап берді

Ulysmedia

Нидерланд премьер-министрі Марк Рютте Астанада студенттермен кездесті. Maqsut Narikbayev University-де ол сұрақ-жауап форматында дәріс өткізді.

Мәртебелі мейманның Қазақстан жастарымен диалогын Ulysmedia.kz тілшісі де тыңдап қайтты.

Maqsut Narikbayev University

НАТО-ның болашақтағы басшысы

Марк Рютте – Еуропадағы ең беделді әрі танымал саясаткердің бірі. 17 жыл бойы ол бостандық пен демократияны ту еткен Халық партиясына жетекшілік еткен. Нидерланд үкіметін 2010 жылдан бері басқарады. Ол елде президент институты жоқ, сондықтан атқарушы билік Рюттенің мойнында. Ал король — Виллем-Александр басымдыққа ие басшы рөлін атқарады.

Марк Рюттенің қызметі жақын арада ауысуы мүмкін. Ол НАТО-ның бас хатшысы лауазымына басты үміткер. Сәуірде оның кандидатурасын альянстың 32 мүшесінің 28-і қолдаған.

Осындай тәжірибесі мен болашағын ескере отырып, саясатқа қызыққан MNU студенттері голландиялық қонақты асыға күтіп, зор қошеметпен қарсы алды.

MNU Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев Нидерланды үкіметінің басшысын таныстыра отырып, Марк Рютте білім беру саласына әрдайым ерекше мән бергенін, гүлденген және бейбіт болашақтың негізі сол білім болып қала беретінін атап өтті.

– Рютте мырза өз елінде прагматикалық және көреген көзқарасқа сүйеніп, айтарлықтай экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүргізіп жатыр. Оның көшбасшылығы халықаралық ынтымақтастыққа, инновацияға және тұрақты дамуға деген адалдығымен ерекшеленді. Бұл Нидерландыны әлемдік аренада басты ойыншы етті. Премьер-министр Рюттенің Қазақстанға сапары – бұл біздің елдеріміз арасындағы берік әрі нығайып келе жатқан қатынастардың дәлелі, - деді ол.

Сапардың мақсаты

Марк Рютте студенттерге Қазақстанға бұрын да келгенін айтып, еліміз түрлі дағдарыстарға қарамастан көпвекторлы саясат жүргізу қабілетін көрсетіп отырғанын атап өтті.

– Тарих Қазақстанды, шартты түрде айтқанда, геосаясат тұрғысынан, сондай-ақ тарихи оқиғалар тұрғысынан әртүрлі әлемді көрген елге айналдырды.

Көп адам Қазақстанға әртүрлі деңгейдегі шиеленістер контекстінде теңгерім жасайтын мемлекет ретінде қарайды. Мысал ретінде біз қазір Қытаймен қарым-қатынастың контекстін келтіре аламын, - деп атап өтті саясаткер.

Премьер-министр Қазақстанда сауда және су ресурстары саласындағы ынтымақтастығын талқылауды жоспарлап отырғанын айтты. Ол энергетика саласындағы өзара іс-қимыл мәселесін ерекше өзекті деп атады.

– Әрине, көмірсулар мен жасыл технологиялар. энергетикада маңызды аспект. Бұл оңай емес, өйткені жасыл технология дәстүрлі энергия көздеріне қарағанда әлдеқайда қымбат. Бірақ біз экономиканың осы түріне көшуіміз керек. Біз осы мәселелердің барлығын бірге шешуге тырысамыз, - деп атап өтті Рютте.

Саясатқа жастар керек

Марк Рютте жастарды саясатқа баруға шақырды, өйткені бұл салаға жаңа тұлғалар қажет. Сонымен қатар, ол студенттерге қиындықтарға дайын болу керектігін ескертті.

– Сіздер саясат әрқашан барлық сынға ұшырайтынын түсінулеріңіз керек. Мысалы, әлеуметтік желілерде, жаңалықтарда, бұқаралық ақпарат құралдарында. Мен оған қаншалықты шыдай аламын, мен оған қаншалықты дайынмын деп өз-өзіңізге сұрақ қоюңыз керек.

Егер сіз өз өміріңізді саясатпен байланыстырсаңыз, кез-келген жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс табасыз. Бұған дайын болу керек. Саясат пен партиялар тек көзқарастар туралы ғана емес, сонымен қатар сол немесе басқа көзқарастарды ұстанатын адамдар. Сіз қандай адамдар тобымен жұмыс істейтініңізді түсінуіңіз керек. Сізге кейде өз көзқарастарыңызды қолдамайтын адамдармен жұмыс істеуге тура келеді әрі бәрібір сол санаттағы адамдармен жұмыс істеуіңіз керек болады. Қалай болғанда да, сіздердің көпшілігіңіз саясатты өз болашағыңыз деп санауыңыз керек. Ұялмаңыздар - бізге саясатта жастар керек, — деп түйіндеді Рютте.

Еске сала кетейік, Марк Рютте Maqsut Narikbayev University-ге келген мәртебелі мейман емес. Мысалы, университетке Франция президенті Эммануэль Макрон, Джордж Буштың бұрынғы кеңесшісі Марк Пфайфл және әлемдік ауқымдағы басқа да танымал тұлғалар келген.

Maqsut Narikbayev University 1994 жылы құрылған. Осы уақыт ішінде 30 мыңнан астам білікті мамандарды дайындап шыққан. Мұнда болашақ заңгерлер, экономистер, қаржыгерлер, журналистер, туризм, психология, аударма ісі, және бизнес саласындағы мамандар бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқиды. Жоғарғы оқу орыны ТМД-да бірінші болып QAA аккредитациясын алған. BIG4-те жұмысқа орналасу бойынша ТОП-5 университеттің қатарында.