Астанада «Астық қоймалары» ЖШС-нің экс-директоры сотталды

Ulysmedia

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты «Астық қоймалары» ЖШС өкілдіктерінің бұрынғы директоры М. Жүсіповті 8 жыл 6 айға соттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Не үшін

Агенттік алаяқтық фактілерінің жолын кесу бойынша жұмысты тұрақты негізде жүзеге асырады. Кейбір адам жеке басының пайдасы үшін азаматтардың сенімін асыра пайдаланып, түрлі мәселелерді шешуге пара беруге итермелейді. Көбінесе адамдар ақшаны алаяқтарға беру арқылы солардың құрбаны болады.

Мәселен, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты "№2 және №5 нан базасы" "Астық қоймалары" ЖШС өкілдіктерінің бұрынғы директоры М. Жүсіповті 8 жыл 6 айға соттады. Ол мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына аса ірі мөлшерде дәнді дақылдарды жымқыру фактісі бойынша қылмыстық жауаптылықтан жалтару үшін 350 мың АҚШ доллары сомасында пара беру бойынша күдіктенді.

Сот үкімі

Осы үкіммен пара беруге итермелегені және алаяқтыққа оқталғаны үшін И. Барабаш пен Т. Демесинов әрқайсысы 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар Қостанай қаласы № 2 сотының үкімімен Қостанай адвокаттар алқасының адвокаты О.В. Бранцевке қатысты үкім жарияланды. Ол алаяқтық пен пара беруге итермелеуге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды.

О.В. Бранцев құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарына қылмыстық жауаптылықтан жалтару үшін пара беру сылтауымен өзінің қорғаушысы А.К. Сансызбаевтың 600 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатын заңсыз иемденген. Оған параның 20 еселенген сомасы 12 млн теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалып, мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды.

Үкімдер заңды күшіне енген жоқ.