Қазақстандық 3 жарым жылдың жалақысын бір-ақ күнде алған

Ғалиасқар Думан

Бұл туралы Конституциялық Соттың нормативтік қаулыларын іске асыру мәселелерін қарауға арналған кездесуде белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Ашық дереккөзден

Прокурорлар 15 мыңнан астам қылмыстық және 4,5 мың азаматтық істердің, сотталғандардың 3 мың шағымдары мен өтініштерінің, сондай-ақ сотқа дейінгі іс-жүргізуде бұлтартпау шараларын қолдану туралы 3,5 мың құжаттардың Конституциялық Соттың ұстанымдарына сәйкестігін тексерген. 

Нәтижесінде 26 адамның құқықтары, оның ішінде конституциялық бақылау органының талаптарын елемеген уәкілетті органдарға 13 қадағалау және ден қою актілерін енгізу арқылы қалпына келтірілген. 
 
Мысалы, Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында сомасы 20 млн. теңгеден астам азаматтардың зейнетақы құқықтары қалпына келтірілген. 
 
Бір жағдайда, азамат Б. зейнетақысынан айырылғаннан кейін үш жарым жыл бойы әртүрлі мемлекеттік органдар мен сот инстанцияларына сәтсіз жүгінген. Конституциялық Сотқа жүгінгеннен кейін оның зейнетақысы толығымен қалпына келтіріліп, оған 2 млн.теңгеден астам сомаға бұрын заңсыз ұсталған зейнетақы төлемдері аударылған. 
 
Конституциялық Соттың қорытындыларына сүйене отырып, кәсіпкерлік қызметпен айналысқан мектеп директорларын әкімшілік жауапкершілікке тартуға жол берілмеді, өйткені олардың қызметі мүдделер қақтығысын тудырмады және қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға бағытталмады. 
 
Жиында азаматтардың құқықтарын нақты қорғаудың басқа да мысалдары айтылды.