Соңғы тәуліктерде Атырауда судан үш адамның денесі табылды

Ulysmedia

Соңғы тәуліктерде Атырау облысында суға кеткен үш адамның денесі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz “Мой город” басылымына сілтеме жасап.  

Ашық дереккөзден

Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 мамырда сағат 15:55-те Қамыскөл көлінен құтқарушылар 33 жастағы ер адамның мәйітін алып, полиция қызметкерлеріне тапсырған. Ол 23 мамырда жоғалып кетті. Туыстарының айтуынша, ол жеке қайықпен Жем өзеніне балық аулауға кеткен және оралмаған. Құтқарушылар іздеуді тоқтатпаған.  

Бүгін сағат 16:15-те Махамбет ауданы Ақжайық ауылынан бес шақырым жерде құтқарушылар  24 жастағы жас жігіттің мәйітін судан алып шықты. Ол "Манаш" шаруа қожалығынан мал жаюға шығып, жоғалып кеткен. 

Соңғы тәуліктерде облыста суға батқан үш адамның денесі табылған.

Құтқарушылар судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды және тыйым салынған жерлерде шомылмауды сұрайды.