Павлодар облысында шенеунік жерді жеке мақсатқа пайдаланған

Ulysmedia

Павлодар облысы Ертіс ауданында ауданы 3 мың гектардан асатын 2 жер учаскесін ірі шаруашылыққа заңсыз беру фактілері анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Сот үкімі

22 мамырда сот үкімімен жер қатынастары бөлімінің басшысы ҚК-тің 361-бабының 4-бөлігі 3)-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жер қатынастары бөлімі жер комиссиясының қарауына бұрмаланған деректерді ұсынған. Атап айтқанда, елді мекендерге арналған жер санаты ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылған.

Залал – 80 млн теңге

Салдарынан мемлекетке жерді жалға алу сомасын 80 млн теңгеге төмендету түрінде залал келді. Сондай-ақ жайылымдардың тапшылығы салдарынан жеке мал басын мәжбүрлеп төмендеткен ауыл тұрғындарының құқықтары бұзылды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жер учаскелері мемлекетке қайтарылды және қазір жергілікті халықтың ортақ пайдалануында. Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу жүргізді, - делінген хабарламада.