Елімізде жыл басынан бері 59 жұмысшы қайтыс болған

Қалижан Бектемір

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұловтың айтуынша,былтыр елімізде 45 жұмысшы жазатайым көз жұмған. Биыл мамырда оның саны 59-ға жеткен екен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Не болды

Биыл 1 мамырдағы мәлімет бойынша ел аумағында 59 адам қайтыс болды. Былтыр бұл көрсеткіш 45 болатын. Бүгінгі айтылып отырған еңбек қауіпсіздігі тұжырымдамасы өз нәтижесін береді деп ойлаймын, - деді Төлеген Оспанқұлов елордада өткен "Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік" атты халықаралық конференция барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Мекемелердің 62%-ы жұмысшылардың өмірін сақтандырған

Сондай-ақ комитет төрағасы жұмысшылардың өмірін сақтандыру туралы айтты.

Бүгінде мекемелердің 62%-ы жұмысшылардың өмірін сақтандырған. Қазір елімізде 7 сақтандыру компаниясы бар, біз олардың жұмысына мониторинг жүргізіп отырмыз. Министрлік 2024-2030 жылдарға арналған еңбек нарығы тұжырымдамасын әзірледі, соның ішіндегі жаңашылдықтардың бірі – міндетті сақтандыру, - дейді ол.