Ферроқорытпа зауытында күйік шалған машинист көз жұмды

Ғалиасқар Думан

Ақсу ферроқорытпа зауытында күйік шалған машинист қыз ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіден

Бұл туралы Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.  

«25 жасар пациент Павлодар қаласындағы №1 ауруханаға 25 мамыр күні жансақтау бөліміне жатқызылған. Денесінің 80-85 пайызын күйік шалғаны анықталды. Барлық емдеу шаралары толыққанды жүргізілгеніне қарамастан ол ауруханада көз жұмды», - деп мәлімдеді басқармадан. 

Бұған дейін

Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмыс кезінде екі кран машинисін күйік шалған еді.

 

«Қазхром» ТҰК» АҚ ресми сайтының жазуынша, оқиға 24 мамырда болған.

Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмыс кезінде екі кран машинисін термиялық күйік шалды. Зардап шеккендердің бірі Ақсу орталық ауруханасына жеткізілсе, бірі тексерістен кейін үйіне қайтарылды, - делінген ресми хабарламада.

Компания қызметкерге барлық қажетті көмекті көрсетеді.