Алдағы күндері елімізде 35 градусқа дейінгі аптап ыстық болады

Ulysmedia

Қазгидромет мамандары Қазақстан аумағы бойынша 1-3 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Ел аймақтарында алдағы күндері ауа температурасы көтеріліп, күн ысиды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: pixabay.com

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Көптеген өңірде өткінші жаңбыр жауып, найзағай, жел күшейеді. Еліміздің оңтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. 

Температуралық фонға келетін болсақ, республиканың солтүстігінде және орталығында ауа температурасы 17-27 градусқа көтеріледі. Ал еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы 27-35 градусқа дейін біртіндеп ысиды.