Словакия Премьер-Министрі Роберт Фицо ары қарай үйінен емделеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz DW ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Словакия Премьер-Министрі Роберт Фицо Банска-Бистрица қаласындағы ауруханадан одан әрі емделу үшін үйіне, жеткізді. Бұл туралы премьер-министр емделген медициналық мекеме басшылығы айтты.
Банска-Бистрицадағы аурухананың бас дәрігері Мариам Лапуникова басқа медициналық мекемеге емес, үйге ауыстыру Фицоның өз талабы екенін айтты. Үкімет басшысы ауруханадан шығып, денсаулығының жай-күйі рұқсат етілген бойда үйде емделуді жалғастырғысы келген. Бас дәрігердің айтуынша, қалпына келтіру процесі сәтті жүріп жатыр.
Бұған дейін
Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға белгісіз біреу оқ атқан. Фицоны үкіметтің көшпелі отырысынан кейін өлтірмек болған еді.
Журналистердің айтуынша, Словакия министрлер кабинетінің отырысынан кейін премьер-министр көпшілік алдына шыққан кезде оған оқ атылған. Премьер-министрді ауруханаға алып кеткен. Шабуылдаған адам ұсталды
Кейін Словакиялық БАҚ қастандық жасаған 71 жастағы жазушы Юрай Цинтула екенін жазған. Бұған дейін ол әлеуметтік желі арқылы Фицоны ұнатпайтынын ашық айтып жүрген.