Қызылорда облысында екі ер адам суға батып кетті

Ғалиасқар Думан

Қызылорда облысында екі ер адам Сырдарияға батып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ

1 маусымда Қызылорда облысында екі адам Сырдария өзеніне батып кетті.

Қазақстан ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға шомылуға арналмаған жерде болған.

ТЖМ азаматтарға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын тағы да еске салады әрі бейтаныс және жабдықталмаған су айдынында шомылудан аулақ болу керектігін ескертеді.