Бокстан +1 лицензия: Хальзова Париж Олимпиадасына барады

Ulysmedia

Ол Бангкокта өткен турнирде қарсыласын 5:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Туризм және спорт министрлігі

Бокстан Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан шешуші лицензиялық жарыста Валентина Хальзова Колумбия спортшысы Ширлейдис Орозконы 5:0 есебімен жеңіп, Олимпиада лицензиясына қол жеткізді.

Ұлттық құрама спортшысы (75 кг) жолдамаға қол жеткізу үшін 6 айқас өткізіп, үшінші жарысында дегеніне жетті.

Токио Олимпиадасында осы салмақта Надежда Рябец, Рио Олимпиадасында Дариға Шәкімова, Лондон Олимпиадасында Марина Вольнова бақ сынаған еді.

Қазір Қазақстан құрамасындағы квота саны 56-ға жетті.