Адам ұрлау және кісі өлтіру бойынша күдікті Бельгиядан Қазақстанға жеткізілді

Ulysmedia

24 жыл бұрын адам ұрлау мен кісі өлтіруге қатысқан 63 жастағы күдікті Бельгиядан Алматыға экстрадицияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Не болды

Алматы қалалық ІІД бастығы Арыстанғани Заппаровтың әлеуметтік желіде 1997 жылы маусымда Новосібірде бір азамат жерлесін ұрлап, өлтіруге қатысқанын жазды. Ұрланған адамды босату үшін туыстарынан 100 мың доллар ақша талап еткен.

Шабуыл жасаушылардың бұл ауыр қылмысты адамдар тобында алдын ала сөз байласу арқылы жасағаны анықталды.

Полиция не дейді

Тергеу барысында қылмысқа қатысушылар ұсталып, оларға әртүрлі жазалар тағайындалды.Сот органдарынан қашып кеткен олардың біріне қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы, сондай-ақ мемлекетаралық және халықаралық іздеу жарияланды, – дейді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.

Іздеудегі азамат жалған деректермен Бельгияда жасырынып жүргені анықталды. Алматы қалалық прокуратурасының келісуімен және Интерполдың көмегімен күдікті ұсталып, Алматыға жөнелтілді.

Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.