«Мемлекеттік құпияны жария еткен»: ҚМА қызметкері сотталды

Ulysmedia

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 185-бабының 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жария ету) бойынша азамат К. 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Бұл қылмыс мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін ең ауыр қылмыстардың бірі ретінде сараланды.

Сот барысында прокурор қызметкердің құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бір жыл бойы бергені туралы сенімді дәлелдер келтірді.   

Мұндай қылмыстардың алдын алу құқық қорғау органдарының басым бағыттарының бірі болып табылады.    

Үкім заңды күшіне енді.