Қазақстандықтар белсенді түрде қол қоя бастаған бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы петиция жарияланған сайт істемей қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Не болды
40 мыңнан астам адам қол қойғыннан кейін платформа өтінішті қабылдамай қойған.
Дегенмен 43 614 қол жиналған кезінде кенет сайт өтінішті қабылдауды тоқтатқан.
Сайтта беленділік көбейіп, күн сайын ондаған адам қосылып келген. Алайда жексенбіден бастап олардың саны өзгеріссіз қалды. Ал «күндер» бағанында 0 көрсетілген. Петиция 2024 жылдың 4 қарашасына дейін белсенді.
50 000 қол жиналса, Үкімет қарауы керек
Тізім бойынша, 1 маусымда адамдар белсенді түрде қол қойған. Ал 2 маусымда бір ғана қолтаңба бар, содан кейін процесс тоқтаған. Бұл петиция орналасқан epetition.kz платформасы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ға тиесілі.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қарасты «ҰАТ» АҚ баспасөз қызметі бұл сұрақты техникалық қызметкерлерге қойып, кейінірек epetiton.kz сайтында ақаулар болғанын айтқан.
3 маусымда түстен кейін петициядағы қолдар қайтадан көбейе бастады.
Еске салсақ, петицияда 50 000 қол жиналса оны Үкімет қарауы керек.