Түркістан облысында білім бөлімінің есепшілері 3 млрд теңгеге жуық қаржыны жымқырған

Ulysmedia

Түркістан облысының прокуратурасы білім беру ұйымдарында жүргізілген тексерулерден кейін көптеген заң бұзушылық, оның ішінде бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Атап айтқанда, Жетісай ауданының прокурорлары аудандық білім бөлімінің бухгалтерлерінен 2,8 млрд теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Осы факті бойынша құжаттар СДТБТ-ға ҚР Қылмыстық кодекстің 189-бабымен тіркеліп, (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) тергеу Түркістан облысы прокуратурасының арнайы прокурорларымен жүргізілуде, – деді Түркістан облысының прокуратурасы.

Бүгінгі күнге прокуратураның қабылдаған шаралары нәтижесінде мемлекет бюджетіне 309 млн теңге қайтарылды.

Тексерулер жалғасып жатыр және жіті бақылауда.