«+35+43°C ыстық»: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ulysmedia

«Қазгидромет» РМК синоптиктері биылғы 6, 7 және 8 маусымға арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: pixabay.com

Мамандар еліміздің оңтүстік өңірлерінде қатты аптап ыстық күтілетінін, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болатынын мәлім етті.

Көптеген облыста жаңбыр жауады: 7-8 маусымда солтүстікте, 7 маусымда, сондай-ақ 8 маусымда республиканың солтүстік, батыс, орталық және шығысында, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, - деп мәлімдеді "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Бұл ретте елдің оңтүстігінде күндіз +35+43°C-қа дейін қатты ыстық күтілуде, оңтүстік-шығыста ауа температурасы +35+40°C-қа дейін көтеріледі.

Елдің батысында 6-7 маусымда күндіз +30+38°С, 8 маусымнан бастап +25+30°C дейін төмендейді. Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, күндіз орталықта. +22+30-дан +20+ 25°C-қа дейін шамалы төмендейді, - деп қосты синоптиктер.