Су тасқыны: қырылған мал шығыны толық өтелді – вице-министр

Ulysmedia

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин елімізде су тасқыны кезінде қырылған мал шығындары толықтай өтелгенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: mygorod

Шенеунік не дейді

Оның сөзіне сенсек, тасқын басталған сәттен бастап жедел түрде шаралар қабылданған. 2024 жылғы 7 сәуірде республикалық штабта суға кеткен мал шығындарын өтеудің алгоритмін бекітілді.

Алгоритм мен қағидаттарға шығынды бюджеттен және бюджеттен тыс қаражат есебінен өтеу көзделген.

Су тасқыны кезінде 140 мыңға жуық мал қауіпсіз жерге көшірілді. Бүгінде жергілікті атқарушы органдардың жедел деректері бойынша республикада 12 450 мал қырылған, барлық өлексе жойылды, залал 100% пайыз өтелді, - дейді ол.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Еске салсақ, елімізде су тасқыны аяқталды