«Артық пән көп»: Сенатор мектеп бағдарламасын өзгерту қажет екенін айтты

Ulysmedia

Парламент Сенатының отырысында депутат Алтынбек Нұхұлы еліміздегі мектеп бағдарламаларын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: atr.kz

Оның айтуынша, Қазақстандағы орта мектептердегі пәндер саны дамыған елдермен салыстырғанда екі есе көп.  

Педагогика ғылымдары академияларының ғалымдарының білім сапасы туралы зерттеулеріне сүйенсек, Жапония, Оңтүстік Корея, Финляндия, Канада сияқты елдерде 7-8 сыныптарда нақты ғылымдарға қатысты 4-6 пәнді оқиды. Қазақстанда 9-сыныпта 15 пән, тіпті 16 пән оқытамыз. Қазақстанда жалпыға міндетті білім беру пәндерінің саны екі жарым есе көп. "Әлемнің бірде-бір дамыған елінде мұндай шамадан тыс көп білім беру пәндері жоқ, - деді Алтынбек Нұрұлы.

Сенатор Қазақстанда «Химия», «Биология» және «География» 578 сағат жеке пән ретінде оқытылса, аталған елдерде бұл пәндерге «Ғылым» пәні деген жалпы атаумен 324 сағат бөлінген.

Соған қарамастан кейінгі 15 жылда бұл елдерде оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы жоғары деңгейде болып отыр, сондықтан пәндер саны аз, ал сапаға көп көңіл бөлінеді, - дейді депутат.

Оның пікірінше, еліміздегі мектептердің оқу бағдарламаларын өзгерту қажет.

Орта білім берудің сапасын арттыру үшін уақыт талабына сай білім беру мазмұнын дамытуымыз керек, - деді Алтынбек Нұхұлы.