Астанада құрбан шалуға болатын орындар бекітілді

Ulysmedia

Биыл 17-19 маусым аралығында аталып өтетін қасиетті Құрбан айт мерекесін атап өтуге байланысты Астана әкімдігі құрбандық шалу орындарын белгіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Құрбан шалу орындары:

 «Шанхай» базары

 «Баракат» базары (А-369 көшесі, 10)

 «Жайлау» базары (С-754 көшесі, ғимарат. 1)

 «Шолпан-ата» базары ("Алаш" тас жолы, 27/2)

 Темір жол ЖМ (Ақжар көшесі, 20).

Ереже

Айта кетейік, ауыл шаруашылығы жануарларының иелері, сою орындарының сатушылары мен иелері Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 7-1/370 бұйрығымен бекітілген ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтауды сұрайды.

Мәселен, ауыл шаруашылығы жануарларын сою ережеге сәйкес берілетін есепке алу нөмірлері бар сою пункттерінде, ет өңдеу кәсіпорындарында немесе сою алаңдарында жүргізілуі тиіс.

Тыйым

Бүгін біз ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуын талқылау үшін сою нысандарының иелерімен кездесу өткіздік. 2 санаттағы рұқсат құжаттары жоқ жерлерде жануарларды союға тыйым салынады, - деп атап өтті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, бас маман Мелс Қайнулдаев.

Айта кетейік, биыл Құрбан айт мерекесінің басталуы 17 маусым, дүйсенбіге келеді.