АҚШ президенті Джо Байден Киевке берілген америкалық қаруды Мәскеуге немесе шекарадан едәуір қашықтықта орналасқан басқа аумақтарға соққы беру үшін қолдануға болмайды деп мәлімдеді. Вашингтон бұл қаруды Украинамен шекаралас Ресей аумағында қолдануға рұқсат берген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz DW агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы АҚШ президенті ABC News агенттігіне берген сұхбатында айтты.
"Біз Ресейге 200 мильдік соққылар жасауға және Мәскеу мен Кремльге соққыларға рұқсат бермейміз", - деді Байден.
Сонымен бірге ол Ресей Федерациясының аумағындағы әскери нысандарға соққы беру үшін американдық қару қолданылды ма деген сұраққа тікелей жауап берген жоқ.
Сонымен қатар, Байден Ресей президенті Владимир Путинді "келеңсіз кісі" деп атады.
Бұған дейін
Вашингтон Украинаға американдық қару-жарақпен Ресей аумағына жасырын түрде соққы беруге рұқсат бергені белгілі болды, бірақ Харьков облысымен шекарада ғана. Бұл Харьковты Ресей әскерлерінің шабуылынан қорғау мақсатында деп түсіндірді олар.
НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг АҚШ-тың Ресей территориясына соққы беру үшін Украинаға жеткізілген қаруды қолдануға шектеулерді жеңілдету туралы шешімін құптады. Ол "Украинаның өзін-өзі қорғауға құқығы бар және бұл Ресейдегі заңды әскери нысандарға шабуыл жасау құқығын қамтиды" деп атап өтті.