Карикатурашы министр Ирғалиевке арнап 50 мың теңге банкнот шығарды

Ulysmedia

Белгілі карикатурашы Мұрат Ділманов Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиевті әжуалап жаңа банкнот «шығарды», деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай шығарылған жаңа азық-түлік банкнотасы. Номинал дәл бір ай жұмыс істейді»,-  деп жазды карикатурашы өзінің инстаграм парақшасында.

 Еске салсақ, Әсет Ирғалиев мәжілісте журналистерге айына 50 мың теңгеге азық-түлік алатынын айтқан-тын. Бұл мәлімдеме көпшілік тарапынан күмән туғызды.