«Аягөздегі Кингконг»: Көліктерді қиратқан еркек жұртты шошытты

Ulysmedia

Әлеуметтік желіде көптің талқысын тудырған видео пайда болды. Бейнежазбадан өткен-кеткен көліктерге тас лақтырып, бұзақылық жасаған ересек адамды көруге болады. Оның неліктен бұндай қадамға барғаны жұмбақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видеодан скриншот

Видео әлеуметтік желідегі парақшалардың біріне жүктелген.

Бейнежазбан қара киімді ересек жігітті көресіз. Ол тасжолдың ортасында тұрып алып, өтіп бара жатырған автокөліктерді тоқтатады. Қос қолына бір-бір кірпіштен ұстап алған. Мерседес көлігіндегілер оның тоқтатқанына тоқтап, белгісіз жігітпен келісімге келмек болады. Осы сәтте олардың жанынан өтіп бара жатырған Шевроле автокөлігін байқап, қолындағы кірпішті жіберіп қалады. Тас көліктің алдыңғы әйнегін жарып жібереді. Бірақ темір тұлпар тоқтамайды.

“Тоқта,”- деп айғайлап қуа жөнеледі бұзақы.

Белгісіз еркектің не себепті бұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз. Біреулер оны психикалық ауытқуы бар болуы мүмкін деп те жазып жатыр.

Желі қолданушылары оған “кинконг” деп ат қойған.

Айта кетейік Кинг-конг қиял-ғажайып фильмдеріндегі ойдан шығарылған кейіпкер, алып горилла. 

Бұған дейін

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда құрдастарын ұрып-соғып, онысын әлеуметтік желіге жариялап, мақтанған екі қыз ұсталған.

Және тағы әлеуметтік желіде шашына ақ түскен, егде жастағы азаматты ұрған алматылықтың видеосы жарияланып, көптің ашуын тудырған.