Астанада даңғылдың бірі айдың соңына дейін жабық болады

Сырым Қаржас

Елорданың оң жағалауындағы даңғыл жөндеу жұмыстарына байланысты 30 маусымға дейін жабылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

шартты сурет

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарлауынша, жол төсемін орташа жөндеу жұмыстары Б.Момышұлы даңғылы бойынша Р. Қошқарбаев даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейінгі учаскеде жүргізіледі.

– Осыған байланысты биыл 8 маусым мен 30 маусым аралығында сағат 20:00-ден бастап жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады, - делінген хабарламада.

Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы тараптардың бірі бойынша бір бағытта ашық болады.

Жұмыстарды кезең-кезеңімен жүргізіледі. Әуелі Қошқарбаев даңғылынан Тәуелсіздік даңғылына дейін жолды салу жоспарланған. Екінші кезең – Тәуелсіздік даңғылынан Сәтпаев көшесіне дейінгі жол жөнделеді.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз бағдарын алдын ала жоспарлау сұралады.