«Банктен несие алғызады»: интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды

Сырым Қаржас

Бас прокуратура елде интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын, күн сайын алданғандар саны артып бара жатқанын ескертеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Коллаж Ulysmedia

– Алаяқтар жәбірленушілерге құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде бейне-қоңырау арқылы хабарласып, белгісіз тұлғалар жәбірленушінің атынан несие алуға әрекеттеніп жатқаны жөнінде жалған ақпарат хабарлайды. Соңғы несиені жою үшін жаңа несие алуға банк бөлімшесіне баруды ұсынады. Бірақ алаяқтар “банк қызметкерлерімен” бұл жайлы азырақ сөйлесуге кеңес береді. Жәбірленуші банктен алған несие ақшасын қолына алғаннан кейін оны жаңа “қауіпсіз” шотқа аударуды сұрайды. Бірақ берілген шот шын мәнінде, алаяқтардың шоты. Осындай жолмен алаяқтарға алданғандардың саны күн санап артып келеді. 

Бас прокуратура құқық қорғау органдары қызметкерлері видео-қоңыраумен ешқашан хабарласпайтынын, мұндай форматта жұмыс істемейтінін ескертеді. Ешкімге, тіпті құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне де банк мәліметтері бермеу керектігін, осындай күмәнді жағдайлар туындағанда 115 нөміріне қоңырау шалу керектігін ескертеді.