Елорда тұрғыны су басқан Иманов көшесін қатты жаңбырдан кейін серфинг тақтасымен жүзіп өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Астанада жаңбырдан кейін Иманов көшесінде ылғи су тасиды. 7 маусымда да солай болды.
Қала тұрғындарының бірі серфинг тақтасымен жолды жүзіп өткен. Оған таңдана қараған адамдар әрекетін видеоға түсіріп алған. Кадрлар әлеуметтік желіге тарап кетті.
– Айыппұл салынбайтын шығар деп үміттенемін" , - делінген жазбаларда.
Еске сала кетейік, 7 маусымда Астанада қатты жаңбыр жауып, елорданың бірқатар көшесінде су тасыған. Қаланың кей ауданында бұршақ жауды.