Батыс Африкадағы Нигердегі алтын кенішінде шахтаның опырылуы салдарынан кемінде 18 кенші қаза болып, тағы жетеуі жарақат алды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
ukrinform.ru-дың мәліметінше, жарақат алған жеті адам ауруханада жатыр.
«18 адам қаза болды. Оларды бүгін жерледія», – дейді қара мэрі Дан-Исса Адаму Герау.
Аталған алтын кенішінің жұмыс істеп жатқанына бірнеше ай ғана болған. Бұл жерге алтын өндіруге мыңдаған адам келіп үлгерген.
Кеніштегі апаттар топырақтың тұрақсыздығына және кеншілер қолданатын ескірген тау-кен әдістеріне байланысты жиі кездеседі.