Қазақстанда найзағай ойнап, жаңбыр жауады

Ғалиасқар Думан

Синоптиктер 9 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Қазгидромет синоптиктері елдің көп бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжайды. Солтүстік аймақтарда қатты жаңбыр, бұршақ және қатты жел күтіледі. Сондай-ақ, бүкіл республикада тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін.

Күндіз Алматы, Қызылорда және Жетісу облыстарында қатты ыстық болады деп болжанады. Осындай ауа-райы Атырау, Жамбыл, Ұлытау облыстарында, Абай облысының оңтүстігінде және Түркістан облысының шөлді аудандарында күтіледі.

Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл және Алматы облысында, сондай-ақ Ұлытаудың батыс, оңтүстік және орталық аудандарында, Қызылорданың батыс және солтүстік аудандарында, Батыс Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен оңтүстігінде, Ақтөбенің батысында және Жетісудың солтүстігінде, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде және орталығында жоғары деңгейде өрт қаупі сақталады.

Төтенше өрт қаупі Атырау облысында, Түркістан облысының солтүстігінде және батысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Қызылорда облысының оңтүстік, солтүстік-шығыс және орталық аудандарында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында, сондай-ақ Ақтөбе облысының оңтүстігінде болжанады.