Үндістанда толассыз жауын салдарынан 5 адам көз жұмды

Ulysmedia

Үндістанның оңтүстігіндегі Тамил Наду штатында толассыз жауын салдарынан 500-ден астам үй қирап, 5 адам қаза болды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

Indian Express-ның мәліметінше, Үндістанның метеорологиялық департаменті толассыз жауған жаңбыр әлі де жалғасатынын хабарлады.

Үндістанның төртінші ірі қаласы және штат астанасы Ченнайдың билігі төтенше жағдайға байланысты апаттан зардап шеккендер үшін уақытша тұру орындарын дайындады. Сондай-ақ, апатқа қарсы әрекет ету ұлттық күштерінің қосымша топтары жұмыс істеуде.

Тамил Надуда толассыз жауған жаңбыр 500-ден астам үйді қиратып, мектептер мен колледждер жабылды.