Елордадағы жөндеу жұмыстарына байланысты тағы бір көше жабылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлады. Қабанбай батыр даңғылы мен Хусейн бен Талал көшесінің қиылысында Қабанбай батыр даңғылына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты 9 маусым сағат 22:00-ден осы жылдың 10 маусымы сағат 22: 00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.
– Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз жолын алдын ала жоспарлауды сұраймыз", — делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, жөндеу жұмыстары айдың соңына дейін Р.Қошқарбаев даңғылынан Қ. Сәтбаев көшесіне дейінгі учаскеде Б. Момышұлы даңғылында жүргізіледі.