Астанада бірден 9 автобус бағытын өзгертті

Сырым Қаржас

Астанада тоғыз автобус қозғалыс бағытын өзгертті. Бұл қаладағы жол жөндеу жұмыстарымен тікелей байланысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

CTS көлік компаниясының хабарлауынша, жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 15, 15а, 30, 47, 51, 55А, 55Б, 56, 61 маршруттардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілген. Өзгертілген қозғалыс схемасымен төменде танысуға болады.

Сондай-ақ, 9 маусым сағат 22:00-ден 10 маусым сағат 22: 00-ге дейін Қабанбай батыр даңғылы мен Хусейн Бен Талал көшесінің қиылысындағы жол учаскесі Қабанбай батыр даңғылын орташа жөндеу аясында толығымен жабылады.