Полициядан зып беріп қашты: Ақтауда мопед мінген әйелдің әрекеті видеоға түсіп қалды

Ulysmedia

Желіде полицияның құқық бұзушы жүргізушіні ұстауға тырысып жатқан видеосы пайда болды. Осы уақытта оның жолаушысы оқиға орнынан скутермен қашып кеткен. Болған оқиға бойынша түсініктеме Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Лада.кз ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Лада.кз

Видеода тәртіп сақшылары көлікке мопед жүргізушісін отырғызуға тырысады. Жолаушы осы сәтте скутерді үптеп кетеді.

Аймақтың полиция департаменті жүргізушінің жеке басы анықталғанын хабарлады. Оның үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы (мопедтерді басқаратын адамдардың қозғалыс ережелерін бұзуы) және ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы (құқық қорғау органы қызметкерінің заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) бойынша хаттама толтырылды.

Көлік айыппұл тұрағына алынды.